«МАКРОЭКОНОМИКА»
ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛҒЫ СӨЗ
Макроэкономика- «Менеджмент» мамандығы
бойынша жоғары оқу орындарының экономикалық
факультеттерінің студенттеріне арналған міндетті базалық
пән болып табылады.
«Макроэкономика» курсының бағдарламасы макроэкономиканы негізгі
пәндердің бірі ретінде оқытуға қойылатын қазіргі талаптардың ескіруімен
құрастырылған.
Экономика ғылым ретінде бақыланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді
экономикалық теориялар мен модельдер түрінде жүйеге келтіріп,
жалпылауға ұмтылады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас ретінде қарастырып
зерттейді: тауарлар мен қызметтер шығарылымының жалпы көлемі мен өсуі, инфляция
қарқыны және жұмыссыздық деңгейі,
валюталардың айырбас бағамдары және төлем балансының
қалпы.
Ол
оның мынадай ірі құрамдас бөліктерін айырады – ол
үй шаруашылықтары секторы, жеке, мемлекеттік және
сыртқы секторлары. Макроэкономика курсында студенттер экономикада
ағымдағы процестерді түсінуге
көмектесетін білімдер алу тиіс. Жеке түрде, бұл
білімдер оларға мынадай сұрақтарға жауап беруге
көмектесу керек: неліктен бағалардың өсуі орын алады,
неге өндіріс көлемі құлдырайды, ал
жұмыссыздық өседі және с.с. басқа.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып,
нарықтық қатынастарға ауысқанына бірнеше жыл
өтті. Егер бұрын елдің өзіндік ерекшелігі болған
экономиканың дағдарысы, инфляция, жұмыссыздық
қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуді талап етсе, бүгінгі
күні елдің басты приоритеті экономикалық өсу және
ұлттық экономиканың тұрақты экономикалық
дамуы болып табылады.Экономикадағы осы тенденциялардың
жарығында экономистердің даярлауы олардың
макроэкономикалық анализдің принциптерін меңгеруін талап
ететіні анық болды.
Пәнді оқытудың
міндеттері. Бұл пәнді оқытудың негізгі міндеті студенттерді қазіргі
макроэкономикалық анализдің бас принциптеріне интенсивті
оқыту болып табылады, ерекше назар жалпы ішкі өнім,
ұлттық табыс, өндіріс факторлары, тұтыну,
жинақтар, инвестициялар, тауарлар және ақша
нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік, бюджет
және ақша саясаты, экономикалық өсу, ашық
экономиканың модельдері сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің
әдістемесін пайдалануына аудару тиіс.
Өнеркәсібі дамыған елдердің даму
тәжірибесі сол не басқа
саясатты жүргізуден туатын
барлық жақын және
ең алыс салдарды болжау маңыздылығын көрсетті,
сондықтан макроэкономиканың келесі міндеті өспелі бюджет
тапшылығы мен қысқа және ұзақ мерзімді
позицияларынан қарастырылатын
балансталған тәсілінің ғылыми болжамы мен талдауы болып
табылады.
Басқа міндеті оқушылар алынған білімдерді практикада
ойдағыдай қолданып сәйкестеу алуы тиіс деуде
тұжырымдалады. Осы шартта олар, осы курста ұсынылған экономикалық-математикалық
модельдер мен экономикалық айнымалылардың арасындағы
өзара байланыстарға сүйеніп нақты жағдайларды
талдаудың негізгі жолдарын меңгеру тиіс.
Курстан Студенттер келесіні біледі:
-
макроэкономиканың әдістемесін және
макроэкономикалық көрсеткіштерді;
-
макроэкономикалық анализдің бас
принциптерімен модельдерін;
-
экономикалық саясаттың негізгі
түрлерімен олардың құралдарын;
-
макроэкономикалық проблемалардың себептерімен
салдарын, оларды шешу жолдарын ж/е т.б.
Студенттер келесіні игереді:
-
макроэкономика тұрғысынан экономикадағы
нақты оқиғаларды талдау;
-
экономикадағы түрлі секторлардың
өзара әрекеттесуін бағалау;
-
макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу,
-
қысқа және ұзақ мерзімді
тұрғыдан қарастырылатын балансталған тәсілді
ғылыми болжаумен талдау;
-
жабық және ашық экономиканың
айырмашылығын анықтап салыстыру.
Студенттер
мынадай дағдыларға ие болады:
-
макроэкономикалық модельдеу және
экономикалық процестермен құбылыстарды талдау;
-
алынған білімдерді экономиканың
әртүрлі аясында практикалық қолдану.
Алдын-ала
оқытылатын пәндер: экономикалық теория, экономикадағы
математика, информатика, шет тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілі,
микроэкономика.
Іргелес
пәндер: статистика, менеджмент, шет тілі, қаржы.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Экономика ғылым ретінде
қадағаланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді
экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір
жүйеге
келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы біртұтас бірлік
ретінде қарастыра отырып, тауарлар
өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және
оның өсуін, инфляция қарқыны мен
жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас
бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді.
Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын
алған ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу
тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол
экономиканың үй шаруашылықтары,
жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі
құрамдас бөліктерін ерекшелейді. Макроэкономика
ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемінің, жұмыспен
қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың
қысқа мерзімдегі ауытқуларын да зерттейді. Осы пәнді
оқып білу Қазақстан
Республикасындағы нарықтық қатынастардың
дамуының тұрақтылығы мен әрі қарай
дамуының қажеттілігінен туындайды. Макроэкономика курсын оқып
білгеннен кейін білім алушы практикалық және теориялық
материалды ойлап талдауға мүмкіндік алады, әрі алған
білімдері басқа іргелес экономикалық пәндерге дайындалу
кезінде оларға тиімді
әсерін тигізуі сөзсіз. Соған қоса, берілген
ғылымды оқып үйрену алдағы
экономикалық
құбылыстарды болжау мен талдауды үйренуге, және де қажетті қорытындылар мен ұсыныстарды дер кезінде жасауға мүмкіндік береді.
Макроэкономика курсында
студенттер экономикада болып
отыратын үдерістерді
түсінуге көмек беретін білім
алуы қажет. Атап айтқанда, олар мынадай келесі
сұрақтардың шешімін
табуға көмектесуі тиіс:
баға неліктен өседі,
өндіріс неліктен дағдарысқа
ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде
және т.с.с.
Өнеркәсібі дамыған елдердің
тағлым-тәжірибесі белгілі бір саясатты жүргізудің
барлық алыс-жақын- болжамдарын ескеру маңызын ашып
берді, сондықтан да
макроэкономиканың келесі міндеті өспелі бюджет
тапшылығы мен теңгермелі
кірісті қысқа және ұзақ мерзім
тұрғысынан сипаттау және ғылыми болжау жасау болып табылады.
Келесі
бір міндет-шәкірттердің алған білімдерін микро-және,
әсіресе, макродеңгейде табысты қолданып, тәжірибеде
ұштастыра алуында. Ол үшін,
олар экономикалық айнымалылар
арасындағы өзара
байланыстарға және де, осы курста
берілетін
экономикалық-математикалық
үлгілерге сүйене отырып, нақты жағдайларды талдаудың
негізгі тәсілдерін игеруі тиіс.
Макроэкономика-1930-1940 жылдары
қалыптасқан жас ғылым. Оның пайда болу себебі 1929-1932 жж. өнеркәсібі
дамыған елдерді сілкіндірген Ұлы депрессия болды. Сол жылдары Дж.М.Кейнстің «Жұмыстылық,
пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі
жұмысы жарық көрді (1936ж.). Кейнстің жұмысына
дейін неоклассикалық көзқарас басым болған, оған
сай жетілдірілген бәсеке нарығы заңды түрде экономиканы
ресурстардың тиімді бөлінуіне әкеледі. Бірақ Ұлы
депрессия нарықтың тепе-теңдік жағдайына ұзақ аралықта оралмайтынын
көрсетті. Өз жұмысында
Кейнс мемлекеттің белсенді араласуының қажеттілігін дәлелдеді. Макроэкономика
даму процесінде, өткен
ғасырдың жартысынан бастап, негізгі екі мектеп қалыптасты:
неоклассикалық және
кейнстің мектебі. Неоклассикалық мектеп – А.Смит, Д.Рикардо
және т.б. экономикалық теорияның классиктерінің мұрагері. Оның із басушылары –
А.Маршалл, А.Пигу және И.Фишер – классиктердің теориясына
сәйкес өз тұжырымдарын негіздеген: индивидтердің рационалды қылығы, жетілдірілген
бәсеке, бағалар икемділігі. Неоклассиктер екі бағытқа
бөлінеді – ол рационалды күтулер теориясын қолдаушылары
(Р.Лукас, Т.Сарджент) және монетаристер – оның негізін М.Фридмен
салған. Кейнсиандық мектептің із басушылары – неокейнсшілер Р.Харрод, Дж.Тобин және т.б. және
кейнсшілер – Н.Мэнкью, О.Бланшар және т.б.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Макроэкономикаға кіріспе
Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары.
Негізгі ұғымдар. Экономикалық теориялар мен үлгілер.
Экзогенді және эндогенді айнымалылар. Экономикадағы ағындар
мен қорлар. Статистикалық ақпарат.
Жалпы
ішкі өнімді қосылған құн бойынша , шығыстар
бойынша және кірістер бойынша есептеу. Жалпы ұлттық
өнім (ЖҰӨ). Атаулы және нақты айнымалылар.
ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері. Ұлттық
есепшоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері. Таза
ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс,
қолда бар табыс. Кірістер мен шығыстардың ауыспалы толассыз
айналымы. Негізгі макроэкономикалық тепе- теңдік.
Жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныс. АD-AS үлгісі.
Жабық экономикадағы жиынтық сұраныс (АD) және оның
анықтауыш факторлары. Жиынтық сұраныстың
бағалық емес факторлары. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық үлгілері.
Икемді еңбек ақы. Жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныс үлгісіндегі макроэкономикалық
тепе-теңдік. Қысқа және ұзақ уақыт
мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі. Тұрақтандыру
саясаты.
Өндіріс және еңбек
нарығы
Өндіріс факторлары. Өндірістік функция. Нақты
жалақы және нақты
капитал бағасы. Өндіріс факторлары арасында ұлттық
табысты бөлу. Еңбек нарығы.
Еңбекке деген сұраныс. Жиынтық ұсыныс
қисығын тұрғызу. Жиынтық ұсыныс:
классикалық және кейнсиандық көзқарас. Икемсіз
еңбек ақы. Жабық экономикадағы қысқа
және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық
сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі.
Игіліктер нарығы
Тұтыну функциясы. Тұтынуға
деген шекті бейімділік. Пайыз мөлшерлемесі және инвестициялық
функция. Мемлекеттің кірісі мен шығыстары.
Жоспарланған және нақты шығындар.
Кейнсиандық крест. Жабық экономикадағы
макроэкономикалық тепе-теңдік. Табыстың тепе-теңдік
деңгейі. Кейнстің
мемлекеттік шығыстар мультипликаторы мен салық
мультипликаторы. Игіліктер
нарығындағы тепе-теңдік.
Игіліктер нарығы мен IS қисығы. Салық-бюджет
саясатының әсері.
Ақша нарығы.
Ақша функциясы.Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық
теориясы. Ақша айналысының
жылдамдығы. Ақша
нарығы. Нақты және атаулы пайыз бағамдары. Фишер
теңдеуі.
Ақшаға деген сұраныстың классикалық және
кейнсиандық теориялары. Өтімділікті қалау теориясы.
Ақшаға деген сұраныс функциясы. Баумоля-Тобин үлгісі.
Ақша массасы мен ақша
базасы. Ақша ұсынысының үлгісі.
Ақша
мультипликаторы. Ақша саясатының
құралдары. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM
қисығы.
IS- LM үлгісі
Тауарлар мен ақша
нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS - LM моделі. Жиынтық
сұраныс қисығын шығару әдісі. АD-AS және IS- LM үлгілері арасындағы байланыс.
Инвестицияны ығыстыру нәтижесі.. Кейнстік таратылу механизмі.
Салық-бюджет саясаты және
оның IS- LM моделіне ықпалы. IS- LM моделіне салық-бюджет
саясаты мен қаржы-несие
саясатының салыстырмалы тиімділігі. Жабық экономикадағы
жиынтық сұранысқа
макроэкономикалық саясаттың ықпалы.
Макроэкономикалық
тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық
циклдары. Инфляция.
Экономикалық циклдары және негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштер динамикасы. Инфляция және ұсыныс тітіркенімдері. Бағалар динамикасы.
Жұмыссыздық нысандары және
оның табиғи деңгейі. Оукен заңы. Нақты
жалақы және
жұмыссыздық деңгейі. Эмпирикалық байқаулар және
Филлипс қисығы.
Сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясы. Күткен
және күтпеген инфляция.
Бейімді және ұтымды күтулер. Бюджет тапшылығы
және оны қаржыландыру. Салық түсімдерінің жиыны
үшін Лаффер қисығы. Сеньораж
және инфляциялық салық.
Ашық экономика.
Шағын ашық экономика. Төлем балансы.
Ағымдағы есепшот, капитал қозғалысының есепшоты,
ресми резервтер. Айырбас бағамы. Сатып алу қабілеттілігінің
паритеті.
Ашық экономикадағы жиынтық сұраныс. Экспорт пен
импорт тәуелділіктері. Сіңісу және сауда балансы. Ашық экономика
үшін IS- LM үлгісі. Капитал жинақылығы. Айырбас
бағамы мен басқа факторлардың IS және LM
қисықтарының орналасуына ықпалы.
Айырбас бағамының түзімі
және жиынтық сұраныс
Айырбас бағамы тіркелген
жағдайдағы ашық экономикадағы тепе-теңдік. Капитал
жинақылығының икемділігі. Толық капитал
жинақылығы жағдайдағы бюджет және ақша саясаты.
Айырбас
бағамы құбылмалы жағдайдағы ашық экономика.
Жиынтық сұраныс қисығын тұрғызу.
Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен
айырбас бағамына ықпалы. Айырбас бағамдары тіркелген
және құбылмалы
жағдайлардығы макроэкономикалық саясатты салыстыру.
Күту ролі және айырбас бағамының динамикасы.
Экономикалық өсу
Экономикалық өсу түсінігі және факторлары.
Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі. Ауқым
қайтарымдылығы. Экономикалық өсу үлгісінің
графиктік бейнесі.Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар.
Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі. Қорлану
мөлшері берілген жағдайдағы капиталмен
қамсызданудың тұрлаулы деңгейі. Қорланудың
«Алтые ережесі». Капитал қорының деңгейі және
экономикалық жағдай. Халық санының өсуі мен
технологиялық прогрестің ықпалы.
СЕМИНАРЛЫҚ
САБАҚТАРДЫҢ ЖУЫҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5. Ақша нарығы.
6. IS-
LM үлгісі
7.Макроэкономикалық тұрақсыздық.
Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция.
8.
Ашық экономика.
9.Айырбас
бағамының түзімі және жиынтық сұраныс
10.Экономикалық өсу
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫСТЫҢ ЖУЫҚ
ТАҚЫРЫПТАРЫ
8.ҚР шағын бизнестің дамуы және оның
экономикалық өсудегі ролі
9. Экономиканың нақты
саласына инвестиция салу, жаңа технологиялар мен рестукткризацияны
меңгеру.
10. ҚР еңбекке
сұраныс, артық жұмысбастылық, еңбек ақы
бойынша төлем қабілетсізділік
11.Жұмысбастылық пен
жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
12. Экономикалық
реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары
13. ҚР халық табысы
мен шығындар динамикасы және құрылымы
14. ҚР қаржы
нарықтарын талдау
15. ҚР төлем
қабілетсізділік мәселелері
16. Соңғы бес
жылдағы ҚР негізгі макроэкономикалық агрегаттар динамикасын
талдау (жинақ, тұтыну, инвестиция)
17. ҚР салық салу
жүйесін реформалау
18. ҚР сыртқы сауда
саясатының тауар, капитал және шикізат ағымдарына әсері
19. ҚР сыртқы сауда
ұйымына кіру: мәселелер мен перспективалар
20. ҚР Зейнетақы
жүйесін реформалау
21. ҚР индустриалды-
инновациялық саясаты
22. ҚР экономикалық
өсуі: факторлар, кезендер және ерекшеліктері
23. ҚР
антимонопольдық реттеу және оның мемлекет экономикасының тұрақты
дамуындағы ролі
24. ҚР экономикасының
аймақаралық ерекшеліктері
25. Монетарлық
саясаттың экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі
ролі 26. ҚР-ғы банктік
жүйенің дамуы
27. ҚР депозиттерді
сақтандыру және халық жинақтарының динамикасы
СОӨЖ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖУЫҚ
ТАҚЫРЫПТАРЫ
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
негізгі:
Мамыров Н.К., Тлеужанова М.А.
Макроэкономика.-Алматы,2003